Алматы облысындағы сауда орталығын «миналауға» қатысты қылмыстық іс қозғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы «Mall Aport» сауда, ойын-сауық орталығының аумағына қойылған жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске сала кетейік, 23 сәуір күні сағат 10-да Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Mall Aport» СОСО аумағына қойылған жарылғыш зат туралы анонимді ақпар келіп түсті.

«Осы уақыт аралығында оқиға орнында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицейлер, саперлер мен шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Көрінеу жалған ақпарат» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жалған ақпарат таратушыларды анықтау және ұстауға қатысты жедел шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаментінен.

Нысан штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар