Алматы облысындағы шаруа қожалығында ірі өрт болды - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы шаруа қожалығында ірі өрт болды,
деп хабарлады бүгін ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Мәселен, қаңтардың 29-ы күні түнгі сағат 2 жарымда Қарасай ауданындағы Абай ауылында орналасқан «Ақсай» шаруа қожалығында қораның ішіндегі шөптің 600 шаршы метр аумақта жануы болған.
«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен 3 сағаттан кейін ауыздықталды», - деп анықтады баспасөз қызметінен.