Алматы облысындағы шенеуніктердің төбелесі: Қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы Жамбыл аудан әкімінің аппарат басшысы А.Нұрпейісовтің ресми таратқан ақпаратына қарағанда, шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.
«25.12.2019 жылы сағат 00: 30-да Ұзынағаш ауылындағы «Мирас» сауда орталығында орналасқан «Белые розы» мейрамханасында аудандық мәдениет үйінің заңгері И. Бейсебаев пен әкімнің орынбасары А. Әбдібаев, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Қ. Үсенбаев арасында төбелес орын алған. Төбелес барысында А. Абдиев пен Қ. Үсенбаев бірлесе отырып И. Бейсебаевқа шабуыл жасады. Аудан әкімдігінде осы тексеру бойынша жұмыс комиссия тобы құрылды. Төбелеске қатысушылар А. Абдибаев пен Қ. Үсенбаевтан орын алған оқиға туралы түсініктеме алынды. Осыған байланысты, И. Бейсебаев аудандық ауруханада, түсініктеме алуға мүмкін болмады. Тексеру жұмыстың нәтижесі бойынша бас маман Қ. Үсенбаев аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұйрығымен қызметінен босатылды. И. Бейсебаевқа қатысты шаралар ауруханадан шыққаннан кейін қабылданады. Төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізілуде. А. Әбдибаев тергеу аяқталғанша отырған лауазымынан босатылды» -деді А.Нұрпейісов.
Еске салсақ, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімі орынбасарының мейрамханадағы төбелесі әлеуметтік желіні шулатқаны және осы оқиғаға қатысты облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің түсініктеме бергені туралы хабарлаған болатынбыз.