Алматы облысындағы су тасқынында 28 адам мерт болды - ТЖМ

СТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы су тасқынында 28 адам мерт болды,

Алматы облысындағы су тасқынында 28 адам мерт болды - ТЖМ

деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысының Ақсу ауданында ауа температурасының көтерілуінен және толассыз жауған жауынның салдарынан наурыздың 11-і күні кешке Қызылағаш су қоймасының бөгеті бұзылып кетіп, Қызылағаш ауылын су басқан болатын.

Наурыздың 12-сі күні кешқұрым іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 28 адамның денесі табылды, олардың 15-і - әйел, 9 - ер, 4-уі бала.

Қазір Қызылағаш ауылына жақын жерде 1000 орынға арналған палаткалық қалашық пен далалық госпиталь жасақталды.

Төтенше жағдайда жою жұмыстарына 654 адам мен 103 техника жұмылдырылды. Апат орнында ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтың басқарған Үкіметтік комиссия жұмыс істеуде.