12:05, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Алматы облысындағы жаңа тағайындаулар
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Қарасай және Жамбыл аудандарында актив жиналысын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарасай ауданы әкімдігінің отырыс залында С.Үмбетов ауданның жаңа басшысы Ләззат Тұрлашовты таныстырды. Ол бұған дейін Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болған.
Одан кейін аймақ басшысы Жамбыл ауданына келіп, Ұзынағаш ауылында жаңа әкім Махаббат Бигелдиевті таныстырды. Бұған дейін ол Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
С.Үмбетов жекелеген басшылардан және актив мүшелерінің барлығынан «Жол картасы» бағдарламасын іске асыруда тиімді жұмыс істеуді өтінді. Облыс әкімі ана мен бала өлімін қысқарту, инвестициялық саясатты белсенді жүргізу мәселелеріне айрықша көңіл бөлді.