Алматы облысындағы жер сілкінісінен құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы жер сілкінісінен адамдардың зардап шегуі мен ғимараттар қирауы тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институты жер сілкісінің кіндігі Алматының солтүстік-шығысында (Қапшағайдың солтүстік жағалауы) 117 шақырым қашықтықта орын алған. Дегенмен, 2 - 3 баллдық жерасты дүмпулері ірі қаламыздың өзінде де сезілген.