Алматы облысының әкімдігі коронавирус жұқтырған науқас туралы айтты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқас елімізге Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел мәлім етті.

«Соңғы ақпарат бойынша, коронавирус Талдықорғанда тіркелді деген хабарлама таралып жатыр. Алматы облысында аталған вирус бір адамнан анықталды. Бірақ бұл жағдай Талдықорғанда емес, Қарасай ауданында тіркелді. Қазір 1986 жылғы науқас Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты. Қазір вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Тиісті шаралар атқарылуда. Ал коронавирус жұқтырған адам біздегі мәлімет бойынша Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген», - деді Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының Талдықорған қаласында коронавирус жұқтырудың 1 оқиғасы тіркелгенін хабарлаған болатын. Осы уақытта індетке шалдыққандар саны ел бойынша 53 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар