Алматы облысының әкімдігі коронавирус жұқтырған науқас жайлы айтты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы бір жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының әкімдігі  коронавирус жұқтырған  науқас жайлы айтты

Ведомствоның мəліметіне қарағанда, сырқат жұқтырған қыз бала 1991 жылы туған, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының тұрғыны. Ол Еңбекшіқазақ ауданының орталық аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Байланыста болған адамдары анықталуда. Анықтала салысымен олар карантинге алынады.

Атап өтсек, 2020 жылдың 11 сəуірі күнгі сағат 23.00-дағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-мен ауырған 11 оқиға тіркелген. 1 адам жазылып шықты.