Алматы облысының әкімдігі жаңа 11 инватаксидің кілтін табыстады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Оқушылар сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов құттықтап, қажырлы еңбегімен көзге түскен азаматтарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері», «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медальдарын, Алматы облысы әкімінің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыстады.null

Осыдан кейін облыстық «Еңбек жолы» байқауының «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік тәлімгер», «Өндірістің үздік жас жұмыскері» және «Үздік еңбек әулеті» аталымдары бойынша жеңімпаз атанғандарға ақшалай сертификаттар берілді.null

Сондай-ақ өңір басшысының орынбасары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоғамдық бірлестіктерге барлығы 11 инватаксидің кілттерін табыстады. Бұған дейін облыстағы инватаксилердің саны 22 болған еді.  

Соңғы жаңалықтар