Алматы облысының әкімі биатлоншы Елена Хрусталеваға құттықтау жеделхатын жолдады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Ванкуверде өтіп жатқан XXI қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Алматы облысындағы Қарасай ауданының тұрғыны биатлоншы Елена Хрусталеваға құттықтау жеделхатын жолдады.

Алматы облысының әкімі биатлоншы Елена Хрусталеваға құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл қазақстандықтардың Ванкуверде өтіп жатқан XXI қысқы Олимпиададағы тұңғыш наградасы, біздің мемлекетіміздің халықаралық аренададағы беделінің нығаюына қосқан сенің жеке үлесің, отандық спорттың даңқты жылнамасындағы тағы бір жарқын беттердің бірі. Бұл ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығы жылындағы тамаша тарту», - деп айтылған жеделхатта.