Алматы облысының әкімі жетісулық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғанда жетісулық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қаратал өзенінің жағасындағы әсем табиғат аясында өткен бұл басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени, әдеби үдерістер жайы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Атап айтар болсақ, Алматы облысында осыдан біраз уақыт бұрын «Жетісудың киелі жерлері» жобасын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынған болатын. Ол үшін арнайы кеңес құрылып, 100-ден астам киелі жердің тізімі жасалды. Оның құрамына табиғи саябақтар мен кесенелер, тамғалы тастар және көне қорымдар кірді. Сондай-ақ облыс басшысының қолдауымен жыл сайын жетісулық жас ақын-жазушылардың кітаптары мен жыр жинақтары жарық көріп келеді. Артына тұмадай таза тұп-тұнық жырлар жазып қалдырған Тұманбай ақынның орталығын құру жұмыстары да қолға алынды. «Рухани жаңғыру» қазақ руханиятының дамуына, барымызды бағалап, жоғымызды түгендеуге жол ашатын сүбелі бағдарламалардың бірі,- дейді жетісулық зиялы қауым өкілдері.

Соңғы жаңалықтар