Алматы облысының Алматымен шекаралас аудандарында жедел басқарудың шағын-орталықтары құрылады

АЛМАТЫ. Қазанның 12-cі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл жыл соңына дейін Алматы облысының Қарасай, Іле аудандарында бейнебақылау орталықтары орнатылатын болады. Ішкі істер департаментінің бастығы Жайлаубек Кембаевтың айтуынша, бұған жергілікті бюджеттен облыс әкімдігі 23 миллион теңге бөлмек. Сондай-ақ құрал-жабдықтарды дәнекерлеуге қосымша әр ауданға 3 миллион 240 мың теңге қарастырылып отыр.

Алматы облысының Алматымен шекаралас аудандарында жедел басқарудың шағын-орталықтары құрылады

"Қазіргі таңда ішкі істер департаметінде облыстың Алматы қаласына таяу тағы 6 ауданында сыртқы бейнебақылау жүйесін енгізу мәселесі қаралып жатыр. Жыл соңына дейін Талдықорған көшелеріне қосымша 10 бейнекамера орнату да жоспарлануда", - дейді Жайлаубек Кембаев.