Алматы облысының ауруханаларының бірінде балалар үшін аса қажетті қымбат жабдық тұралап тұр

ТАЛДЫҚОРҒАН. 10 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының ауруханаларында заманауи жабдықтар  қолданыссыз тұрды. 

Алматы облысының ауруханаларының бірінде балалар үшін аса қажетті қымбат жабдық тұралап тұр

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, Райымбек ауданындағы орталық аурухананың перзентхана бөлімінде бір жылға жуық уақыт бойы 14 млн.-нан астам теңге тұратын өкпені жасанды вентиляциялау аппараты қолданыссыз тұр.

Өкпені жасанды вентиляциялау аппаратының ауа баллондарына қосылатын штуцерлердің болмауы жабдықтың пайдаланылмауының себебі болып шықты. Сондай-ақ екі жыл бойы құны 7 млн. теңгеден асатын сәбилерге арналған инкубатор және 5 млн. теңгеден астам сома тұратын УЗИ - DP-6600 аппараты іске жаратылмаған.

Айта кетейік, өткен жылы бұл бөлімшеде дүниеге келген 3 сәби көз жұмды. Биыл бұл оқиға қайталанды. Сәбилер тыныс алу жолдарының және жүрек-қан тамыры ауруларының салдарынан шетінеген.