Алматы облысының ауыл шаруашылық өндірушілері Астанадағы жәрмеңкеге өз өнімдерін қояды
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - 27 наурыз күні елордадағы «Шапағат» коммуналды базарында Алматы облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтеді,
деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің атап өткеніндей, өнім бағалары Астана базарларындағы бағаға қарағанда 15-20 пайызға арзан сатылады.
Жәрмеңке сағат 9.00-де басталады.