Алматы облысының автокеруені Астанаға жол тартты
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 14 қыркүйекте түскі сағат 14:00-де Қарағанды тас жолындағы Астанаға кіретін жол полициясы бекетінде Алматы облысынан келе жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің автокеруенін күтіп алу шарасы болады.
Бұл туралы «Байтерек» халықаралық баспасөз клубы хабарлайды.
Астананың ішкі нарығын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 15-16 қыркүйек күндері қалалық алаңда Алматы облысының 16 ауданы (Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқант, Талғар және Ұйғыр), 3 қаласы (Қапшағай, Талдықорған, Текелі және «Жетісу» ӘКК) қатысатын жәрмеңке өткізіледі.
Онда қала тұрғындары мен қонақтарына ауыл шаруашылық өнімдерінің алуан түрі нарықтағыдан 20 пайызға арзан бағамен ұсынылады.
Өнімнің жалпы көлемі 389 495 келіні құрайды деп жоспарланып отыр.