19:51, 09 Шілде 2016 | GMT +5
Алматы облысының Балқаш ауданында жаңа басшы тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалым Қасымұлы Тоқпейісов Балқаш ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ал Балқаш ауданының бұрынғы әкімі Бейсеғали Жүнісов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің өкімімен лауазымынан босатылды.