Алматы облысының бір ауданында мұғалімді жұмысқа заңсыз қабылдаудың 77 дерегі тіркелді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мұғалімдерді жұмысқа заң бұзушылықпен қабылдауда Алматы облысының Қарасай ауданы көш бастап тұр. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының бір ауданында мұғалімді жұмысқа заңсыз қабылдаудың 77 дерегі тіркелді

«Педагогтарды заң бұзушылықпен қабылдау фактілері ең көп тіркелген өңір - Алматы облысының Қарасай ауданы. Бұл ауданда 77 факті тіркелген. Екінші орында - Қарағанды қаласы. Бұл шаһарда 62 жағдай, ал үшінші орында Түркістан қаласы, 57 факті тіркелген», - деді комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

Ал мұндай факті Жамбыл облысында ең аз тіркелген. Бұл өңірде 2 жағдай ғана болған.

Жетісу облысында мұғалімдерді заң бұзушылықпен жұмыспен қамту бойынша 42 факті болған. Оның 25-сі Талдықорғанда, 17-сі Алакөл ауданында.