Алматы облысының Чапаев елді-мекенінде болған өрттен екі бала қаза тапты

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Чапаев елді-мекенінде көппәтерлі тұрғын үйде орын алған өрттен екі бала қаза тапты,

Алматы облысының Чапаев елді-мекенінде болған өрттен екі бала қаза тапты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, 10 шаршы метрді қамтыған өртті сөндіру барысында 7 және 2 жастағы екі баланың денесі табылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылған.