Алматы облысының екі ауданында екі адам суға батып кетті

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Алматы облысының екі ауданында екі ер адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы облысының екі ауданында екі адам суға батып кетті

7 маусым күні сағат 16:00-де Іле ауданының Междуреченск ауылында  шомылу барысында 27 жастағы ер адам суға кетіп, мерт болды. Оның денесі жер бетіне 8 маусым күні сағат 10:00-де ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің (7 адам мен 1 техника бірлігі) көмегімен шығарылды.

Сондай-ақ осы күні сағат 20:30-да, Ескелді ауданындағы Қаратал ауылдық округінде Шажа өзенін атпен өтпек болған 26 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің (4 адам мен 1 техника) күшімен іздестірілуде.