Алматы облысының емдеу мекемелерінде вирусқа қарсы қажетті препараттардың қоры құрылуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облыстық Мемсанэпидқадағалау департаментінде өткен «дөңгелек үстел» кезінде ағымдағы жылы А/H1N1 тұмауының 17 жағдайы тіркелуіне байланысты аймақ әкімінің өкімімен тиісті штаб құрылды.

Алматы облысының емдеу мекемелерінде вирусқа қарсы қажетті препараттардың қоры құрылуда

Облыс әкімінің орынбасары ведомстволар мен қызметтердің жұмыстарын үйлестіру бойынша отырыс өткізді, оларға тиісті тапсырмалар берді. Облыстық денсаулық сақтау, білім басқармалары, Мемсанэпидқадағалау департаменті «Тұмау тіркелген жағдайда іс-шаралар өткізу туралы» бірлескен бұйрық шығарды. Тіркелетін аурулардың күн сайынғы мониторингі жүргізіледі. Емдеу мекемелерінде вирусқа қарсы қажетті препараттардың қоры құрылуда.