Алматы облысының Кеген ауданында күре жолды су шайып кетті

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кеген ауданында республикалық маңызға ие жол жиегін су шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Кеген ауданында күре жолды су шайып кетті

«Алматы облысының Кеген ауданында республикалық маңызы бар Көкпек - Кеген - Түп - Жалаңаш - Саты - Көлсай көлі жолының 10-11 шақырым аралығындағы жиекті 23 маусым күнгі нөсер жаңбыр шайып кетті. Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мекемесі, аудан әкімшілігі, полиция қызметкерлері, ДЭУ-91 мекемесінің өкілдері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, жол қозғалысы қалпына келтірілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғат салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру жумыстары жүргізілуде»,- делінген Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.