15:07, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері тапсырыс бойынша жасалған қылмыстың бетін ашты
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алматы облысындағы криминалдық полиция қызметкерлері тапсырыс бойынша жасалған қылмыстың бетін ашты.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифинтге Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақпанның 1-інде Жаркент қаласындағы үйлердің біріндегі жертөледен оқ жарақатымен 36 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ақпанның 18-інде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш жергілікті тұрғынды ұстады», -деді ол.
Қ. Жұмановтың сөзіне қарағанда, оның ішінде тапсырыс беруші, яғни жәбірленушінің бұрынғы жұмыс берушісі, қылмысты орындаушы және кісі өлтірушіге шолақ мылтық сатқан азамат құрықталды.