Алматы облысының өндірушілері Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының өндірушілері Түрксіб ауданында ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізбек. Қала тұрғындары сенбі күні сүт, жарма, ет, көкөніс өнімдерін базар бағасынан арзан бағада сатып алуға мүмкіндік алмақ.

Алматы облысының өндірушілері Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізбек

Жәрмеңке таңертең сағат 9-дан түскі 3-ке дейін Сейфуллин мен Буденов көшелерінің қиылысындағы өндіріс базасында өтеді.