Алматы облысының өзендерінде сел жүруі мүмкін - Алматы ТЖД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты жақын тәуліктерде Алматы облысының өзендерінде су тасқыны болып, сел жүруі ықтимал. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 4 шілдедегі №61-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескертеді!
Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, бүгін 4 шілде және жақын тәуліктерде Алматы облысының өзендерде су тасқыны болып, сел жүруі мүмкін. Кейбір жерлерді су басуы ықтимал», - делінген хабарламада.