Алматы облысының өзендерінде сел жүруі мүмкін - ТЖД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нөсер жауын жауады деген болжамға байланысты, бүгін - 21 шілде күні кешке және 22 шілдеде Алматы облысының өзендерінде су тасқыны болып, сел жүруі ықтимал. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 21 шілдедегі №64-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды.
Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, бүгін - 21 шілде күні кешке және 22 шілдеде Алматы облысының өзендерде су тасқыны болып, сел жүруі мүмкін», - делінген хабарламада.