Алматы облысының өзендерінде су тасуы мүмкін - Алматы ТЖД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, ертең - 30 шілде күні Алматы облысының өзендерінде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының өзендерінде су тасуы мүмкін - Алматы ТЖД

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 29 шілдедегі №68-ші  «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс»туралы хабарламасы негізінде тұрғындарға ескерту жасайды!

Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты, ертең - 30 шілде күні Алматы облысының өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.