Алматы облысының Панфилов аудандық сотында құқықтық орталық ашылды

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов аудандық сот залында құқықтық «Ақпарат орталығы» фронт-офисі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақпараттық орталықта кәсіби медиаторлар мен адвокаттар тұрғындарға сондай-ақ, арызданушыларға құқықтық ақпарат беріп, мәселенің алдын алуға, екі тарапты татуластыруға, даулы мәселелерді сотқа жеткізбей шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жер өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен де жабдықталған.null

«Медиаторлық жұмыс барысында өз басым 700-ге жуық әртүрлі істерді қарап, сотқа жеткізбей оң шешім шығардым. Бірін татуластырдым, бірін достастырдым. Бұл жұмыстың маңыздылығы елдің, халықтың бірлігін бекемдеу және соған үндеу», - дейді кәсіби медиатор Ерғали Сәбденбеков.

Аудандық сот төрағасының міндетін уақытша атқарушы Динара Құйқабаева ашылған орталықтың жұмысы оңтайлы әрі өздерінің жұмыстарына біршама жеңілдік беретінін жеткізді.

Айта кету керек, Динара Құйқабаева 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл заңгері» атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар