Алматы облысының полицейлері адам соғып, оқиға орнынан қашып кеткен 24 жүргізушіні іздестіруде
ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Үстіміздегі жылдың 10 айында 182 жүргізуші Алматы облысында жол-көлік апаты орын алған жерді тастап кетіп, оның 158-і жол полиция қызметкерлерімен табылды.
Алматы облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Анар Бекбасова хабарлағандай, көп жағдайда жүргізушілер оқиға орнын егер зардап шеккен жаяу жүргінші болса, тастап кетеді.
Қазіргі күні полицейлер апат орын алған жерден іздерін суытқан 24 жүргізушіні іздестіруде, олардың 11-і соққан жүргіншілер қаза тапты.