Алматы облысының полицейлері екі адамды өлтірді деген күдікпен қылмыстық топты ұстады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікпен қылмыстық топты ұстап алды.

Алматы облысының полицейлері екі адамды өлтірді деген күдікпен қылмыстық топты ұстады

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында жергілікті тұрғындар жарым-жартылай жануарлар тістеген, күйіп кеткен адамдардың сүйектерін тапты. Сот-медициналық сараптаманың қорытындылары бойынша, бұл сүйектер зорлықпен өлтірілген ер адам және әйелдікі. Өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көп ұзамай полицейлердің күш салуымен Алматы қаласының тұрғындары бролып шыққан жәбірленушілердің есімдері анықталды. Бұдан кейін, жедел-іздестіру шараларының барысында ІІД-нің тергеу басқармасының қызметкерлері мен Еңбекшіқазақ АІІБ полицейлері бірлесе отырып, төрт күдіктіні - үш ер адам және бір әйелді қолға түсірді. Олар өз кінәларын мойындады.

Тергеу барысында жәбірленушілердің буындырып өлтірілгені және Еңбекшіқазақ ауданына әкелінгені анықталды. Құрбандарының денелерінен құтылу үшін күдіктілер оларды өртеп, сүйектерін қалың тоғайға шашып тастауға әрекет жасаған.