Алматы облысының полицейлері қарақшылық әрекеттері үшін іздеуде жүрген РФ Шешен Республикасында туған қылмыскерді ұстады

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Интерполының ұлттық орталық бюросының сұрау салуымен осы жылғы сәуірдің 26-сында Алматы облысының полиция қызметкерлері Талғар ауданының Белғаш ауылында РФ Шешен Республиикасының 33 жастағы азаматы Сурхо Даутовті ұстады, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Алматы облысының полицейлері қарақшылық әрекеттері үшін іздеуде жүрген РФ Шешен Республикасында туған қылмыскерді ұстады

С.Даутовты Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары 2006 жылғы наурыздан бері РФ ҚК 2-бөлімі 209 бабында көзделген қылмыстары үшін (қарақшылық) іздестіріп жатқан болатын. 2008 жылы оған халықаралық іздеу жарияланды.

Бүгінгі таңда ұсталған адамды Ресей Федерациясына экстрадациялау мақсатымен материалдарды жолдау үшін РФ Интерполы Ұлттық орталық бюросы хабардар етілді.