Алматы облысының прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» компаниясына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ қатысты автожолдарды тиісінше ұстамағаны үшін Алматы облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысының прокуратурасы жолдарды пайдалануға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 353-бабының 3-бөлігімен «Абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Прокуратура «Алматы-Шелек-Қорғас» республикалық маңызы бар жолдың 165-ші шақырымында жол апаты салдарынан бір адамның қаза болуына себепкер болған қызметкерлерді жауапқа тартпақ.

Осы апаттың негізгі себебі – көктайғақ және «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-ның тарапынан жол жамылғысын уақтылы тазаламау.

Өз кезегінде, «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңының 19-бабына сәйкес жол органы және автомобиль жолдарын басқарушылар қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн жауапты»,-делінген хабарламада.

Істі тергеумен Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысуда. Қазіргі уақытта тергеу органы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар
telegram