Алматы облысының прокуратурасы Қызылағаш ауылындағы төтенше оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Алматы облысының прокуратурасы Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында адам өліміне әкелген төтенше оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматы  облысының прокуратурасы  Қызылағаш  ауылындағы  төтенше оқиға  бойынша   қылмыстық іс қозғады

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жүргізілген арнайы шаралардың барысында Қызылағаш селолық округінің әкімі Е.Жүнісов, Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Е.Енин, Ақсу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ. Байзақов, «Шынар» ЖШС-інің директоры және құрылтайшысы К.Бекеев, суды пайдаланушылардың арнайы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры М.Жүнісов уақытша оқшаулау абақтысына жабылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 315-ші (қызметтегі әрекетсіздік) және 316-шы баптары (салғырттық) бойынша қозғалған қылмыстық істерді тексеру жалғасуда, бірқатар сараптамалар тағайындалып отыр. Елбасының тапсырмасы бойынша істің тексерілу барысы Бас прокурордың және Ішкі істер министрлігінің бақылауында.