Алматы облысының Райымбек ауданында ешқандай торнадо соққан жоқ - әкімдік

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Райымбек ауданында алапат құйын соқпаған. Әлеуметтік желіде тарап жатқан осындай видеоға қатысты аудан әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Райымбек ауданында ешқандай торнадо соққан жоқ - әкімдік

Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, бұл видео монтаждалған. Ал кадр соңындағы құлаған ағаштар суреті Райымбек ауданында былтыр соққан қатты дауыл салдарынан болған.

«2020 жылдың 3 шілдесінде кешкі 17:00 шамасында ауданға қарасты Ойқарағай орманында дауыл желден 32,7 текше метр Жатаған шырша (Шренк шыршасы) құлаған. Қазіргі таңда заңға сәйкес ондағы құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жүріп жатыр», - деп мәлім етті аудан әкімінің баспасөз қызметінен.