Алматы облысының спортшысы Азамат Қасымханов Оңтүстік Африка Республикасында өткен чемпионатта алтын медальды иеленді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы Іле ауданының 16 жасар спортшысы Азамат Қасымханов Оңтүстік Африка Республикасында таэквондодан өткен чемпионатта алтын медальды иеленді.
Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы әужайында чемпионды оның жаттықтырушылары мен туыстары қарсы алды.
Азамат шығыс жекпе-жегінің осы түрімен бес жасынан бері айналысып келеді.