Алматы облысының табиғи газбен қамту деңгейі 26,2 пайызға жетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының 123 елді мекені газдандырылды. Өңірді табиғи газбен қамту деңгейі 26,2 пайызға жетті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
None
None

Жалпы Алматы облысында 718,5 мың адам көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Өткен жылдың 10-шы қазанында ұзындығы 264,8 км «Алматы- Талдықорған» магистральды газ құбыры және «Талдықорған» автоматты газ тарату станциясы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда 1,2 мың шақырымдық қалаішілік газ желісі тартылуда. Жобаның жалпы құны - 21,4 млрд. теңге. Жұмыстар аяқталғанда 57 мың абонент немесе 170 мың адам газға қол жеткізеді.

Сондай-ақ «Талдықорған-Текелі» магистральды газ құбырының 12 шақырымы салынды. Бұл магистральдің жалпы ұзындығы 31 шақырым. Ал Жаркент қаласында ұзындығы 329,7 км газ тарату желілерінің құрылысы басталып, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА дейін 22 км желі салынды.

«Аз қамтылған отбасыларға газға қосылу үшін жеңілдіктер қарастырылуы керек», деді Амандық Баталов.

Айта кету керек, дәл қазір Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп беруде.

Соңғы жаңалықтар