Алматы облысының тауларында сел жүруі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Алматы облысы бойынша ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының тауларында сел жүруі мүмкін

«Алдағы үш тәулікте, яғни 26-28 шілде күндері аптап ыстыққа байланысты Алматы облысының тауларында сел қауіпі туындайды»,-делінген хабарламада.