Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа-райының жылынуына және жауын-шашынның жиілеп кетуіне байланысты Алматы облысының таулы аудандарында (3000 метрден жоғары деңгейде) 2016 жылдың 10-11 мамыры аралығында қар көшкіні болуы мүмкін.
Бұл туралы бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Ауа-райының жылынуы, жауын-шашынның жиілеп кетуі және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында (3000 метрден жоғары деңгейде) 2016 жылдың 10-11-ші мамыры аралығында қар көшкіні болуы ықтимал. Сондықтан, қар басқан тау бөктерлеріне шығудан бас тартқан жөн. Тау жолдарында абай болыңыздар!», - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бұл ескертуді «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының бүгінгі ескертуі негізінде жасады.