14:52, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі ықтимал
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында күтілетін күн жылынуы менжауын-шашынға байланысты 14-16 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі ықтимал деген болжам жасап отыр.
Бұл туралы қала әкімдігінің жанындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын ұстанып, таулы алаптарға бармауға кеңес берілуде. Төтенше жағдай орын алған кезде 109, 112 телефондарына хабарласу керек.