Алматы облысының тұрғындары ереуілге шықты
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысы, Іле ауданының тұрғындары ереуілге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 14 тамыз күні кешкі сағат 20:35 шамасында Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Жомарт» бау-бақша серіктестігінің тұтынушылар кооперативінің тұрғындары саяжайдың жаңа төрағасының жалпы жиналыссыз сайланғанына наразылық білдірді. Сол себепті 25- 30 адам ереуілге шықты.
Оқиға орнына жедел түрде полиция, прокуратура мен әкімшілік қызметкерлері келді.
«Әңгімелесу барысында 16 тамыз күні жаңадан сайланған төрағаға қатысты тұрғындармен кездесу өткізу туралы шешім қабылданды. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері болған жоқ», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.