Алматы облысының тұрғындары уланып қалған торттар астыртын кондитерлік цехта жасалған - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА.  Қарашаның  16-сы.  ҚазАқпарат /Дамир  Байманов/  -   Алматы  облысының  тұрғындары   уланған  торт өнімдері  астыртын кондитер цехында  дайындалып,  ешқандай    ілеспе  құжаттарсыз   дүкендерде сатылып  келген. 

Алматы  облысының  тұрғындары   уланып қалған  торттар  астыртын     кондитерлік цехта     жасалған -  Денсаулық сақтау министрлігі

ҚазАқпарат   тілшісіне  бұл туралы  Денсаулық  сақтау  министрлігінің баспасөз қызметінен   хабарлады.

Науқастардың  жағдайы   орташа  ауыр деп   бағалануда.  Олар   қажетті ем-дом қабылдауда.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз   қызметінен  хабарлағандай,    қарашаның 12-сінде  тамақтан уланудың  30 оқиғасы тіркелді,  оның 23 оқиғасы -  Алматы  облысында  болған.     Ұйымдастыру-тәжірибелік  көмек көрсету  үшін    Алматы  облысына  республикалық    санитарлық-эпидемиологиялық    стансысының  мамандары  жөнелтілді.

Бұған дейін  Төтенше жағдайлар  министрлігі қарашаның 10-ы күні Ұйғыр ауданында аудандық ауруханаға «тамақтан токсикологиялық улану» диагнозымен 32 адам жеткізілгенін  хабарлаған  болатын: Шонжы ауылынан - 10 адам, Үлкен Ақсудан - 15, Шошанайдан - 4 және Кеңсайдан - 3 адам түсті.