Алматы облысының тұрғыны бақшасында 5,6 мың түп қарасора өсірген
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны бақшасында есірткіні өсірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің бақшасынан 5633 түп қарасора тәркіленген. Қазір осы факті бойынша тергеу басталды.
«Арнайы сараптамамен тәркіленген заттың есірткі екені дәлелденді. Қазір ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Айта кетейік, бақшасында есірткіні өсірген Көксу ауданының 38 жастағы түрғыны «Дәрмек» жедел- алдын алу шарасы барысында қолға түсті. Есірткіге қарсы бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.