Алматы облысының тұрғыны балаға жыныстық әрекеттер жасау күдігімен ұсталды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысында 7 жасар балаға жыныстық әрекеттер жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының тұрғыны балаға жыныстық әрекеттер жасау күдігімен ұсталды

«11 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Көктөбе-1 ауылының 57 жастағы тұрғыны арызбен келіп, 44 жастағы көршісіне шара қабылдауды сұраған. Шағымданушының немересінің айтуы бойынша, 2022 жылы ер адам өзіне жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Күдікті заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды.

Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеудің жан-жақтылығы, толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тараптардың дәлелдері тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.