Алматы облысының тұрғыны ғашығына бару үшін көршісінің көлігін ұрлап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны ғашығына бару үшін көршісінің көлігін ұрлап  кетті. Оқиға Үштөбе қаласында  болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бір қызығы 64 жастағы зейнеткер «Volkswagen Jetta» көлігінде кілтін қалдырып кеткен. Ал көршісі гараждан машинаны итеріп шығарып, Талдықорғанға қарай бет алған. Ұрланған көлік Талдықорғанға кіре берісте  жанармай құю бекеті жанынан табылды.

Ғашығына «Volkswagen Jetta» көлігімен бармақ болған 22 жастағы жігіт машинаның нөмірін шешіп тастаған.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен іс қозғалды. Заңға сәйкес мұндай қылмыс жасаған адамға бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады немесе екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығы шектеледі.

Соңғы жаңалықтар