Алматы облысының тұрғынын шөлмек сынығымен жарақаттап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғынын шөлмек сынығымен жарақаттап кетті. Қазір күдікті ретінде 20 жастағы Жамбыл облысының азаматы ұсталды. Оқиға Панфилов ауданының Дарбазақұм ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының тұрғынын шөлмек сынығымен жарақаттап кетті

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі азамат ерегесіп қалған. Белгілі болғандай Панфилов ауданының тұрғыны, жәбірленушінің ішімдік ішкені анықталды. Өзара сөзге келіспеген азаматтардың арасында жағдай насырға шауып, күдікті жәбірленушінің 6 жерін шөлмек мойнымен жаралаған.

«Дәрігерлер жараланған азаматтың дене жарақаты қандай деңгейде екенін анықтайды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 бабы яғни, «Бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азаматқа бұлтартпау шарасы қолданылды», дейді облыстың полицейлері.

Күдікті азаматтың жалдамалы жұмысшы екені анықталды. Ол «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының құрылысында еңбек етіп жүрген. Ол өзге де жұмысшылармен бірге Дарбазақұм ауылында пәтер жалдап тұрып жатқан.

Оқиға да дәл осы жерде болған.