Алматы облысының Ұзынағаш-Құрты бағытында жол ашылды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар Ұзынағаш-Құрты бағытындағы жол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Ұзынағаш-Құрты бағытында жол ашылды

«ҚазАвтоЖол«ҰК және»Қазақавтожол«ЖШС Алматы ОФ хабарламасы бойынша 6 қаңтар, сағат 17:26 - дан бастап Республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Құрты» (60-70,4 км) автожолы ашылды.

Еске салайық, бүгін Алматы облысында «Алматы-Шелек-Қорғас» жолы ашылды.

Сондай-ақ, ауа райының реттелуіне байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздің бірқатар өңірінде жол ашылғанын хабарлаған болатын.