12:34, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Алматы облысының жолдарында шектеу енгізілді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – Жыл сайын мамырдың 15-і мен қыркүйектің 15-і аралығында Алматы облысының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарында ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда
сағат 10-00-ден 22-00-ге дейінгі күндізгі және кешкі уақыттарда жалқы белтеміріне 8 тоннадан жоғары салмақ түсетін автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының хабарлағанындай көлік құралдарының белтеміріне түсетін салмақты шектеу: Ресей шекарасына дейін Алматы - Екатеринбург, Алматы - Тараз - Шымкент - Өзбекстан Республикасының және Қырғыз Республикасының шекаралары, Алматы - Қорғас, Алматы - Өскемен, Ақсай -Шонжы - Құлжат - ҚХР шекарасы және Сарыөзек ? Көктал трассаларында енгізіледі. Инспекцияда атап айтқанындай халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды, төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, тез бұзылатын жүктерді тасымалдау бойынша іс-шараларды орындауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына бұл тәртіп қолданылмайды.