Алматы облысының жылыжайларында жыл басынан бері 6 мың тоннадан астам көкөніс өндірілді

«Жылыжайлардың жалпы ауданы 54 гектар, оның 38,6-сы Алматының маңайдағы - Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласында», - делінген хабарламада.
Жылжайлардың 13 гектар алқабы жоғары технологиялы жабдықтармен жарақтанған. Жыл басынан бері осы жылыжайда 6103 тонна көкөніс өндірілді, оның 5310 тоннасы- аудандардың үлесі».
Халықты көкөніспен және жемістермен қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде 7,5 гектарда тағы үш жылыжай : Еңбекшіқазақ ауданындағы «Юрченко» шаруа қожалығында, Қапшағай қаласындағы «Гранд Ланд Аталау» ЖШС-да және «LST Маркет» ЖШС-да салынып жатыр, облыстың климаттық жағдайлары Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін нығайту ауқымында жылыжай шаруашылықтарын тиімді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.