Алматы оқушылары Алаш зиялыларының сирек қолжазбаларымен, суреттерімен танысты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы оқушылары Алаш зииялыларының сирек қолжазбаларымен, суреттерімен танысты. Танымдық шара Қайым Мұхамедханов атындағы Білім мен Мәдениет орталығы қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаланың колледждері мен ЖОО студенттері, мектеп оқушылары «Алаш» сөзінің этимологиясын терең ұғынды.
Қор директоры, профессор, белгілі қайраткердің қызы Дина Мұхамедханның айтуынша, Алаш қайраткерлерінің тарихын білу өскелең ұрпақты рухани жаңғыру жолында тәрбилеудің бір тетігі.
Айта кету керек, Алаш қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаюм Мұхамедханов бала кезінен Алаш қайраткерлерін көріп өскен. Олар Семейде тұрған кезінде ғалымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұловтың үйіне жиі бас сұғатын. Белгілі ұлтжанды азамат, меценат М.Сейітқұлов «Сарыарқа» мен «Абай» газеттерін қаржыландырып отырған. Ол кісі көптеген ұлтжанды азаматтарды қолдап, саясат мінберін шығуға ықпал етіп отырған. Өзі де халқының тарихын зерттеп, ауыз әдеби және жазба мұраларын қағазға түсіріп, алғашқы жинағын шығарған.
«Менің әкем, ғалым Қаюм Мұхамедханов алаш зиялыларының белгісіз суреттерін жинап, олардың аттарын жазып, еңбектерін төте жазудан аударып, еңбектеріне комментарий жазып отырған. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының бүгінгі ұрпақтарын тауып, өмірбаянын жазып қалдыру оның басты мақсаты болған. Сирек деректер ел ғалымдарына осы бір тарихи ақтаңдақты анықтауда өлшеусіз ықпал етті», - деді Д.Мұхамедхан.
Айта кету керек, жоба жалғасын тауып келеді. Қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен аудитория ұлғайып, 700-ге тарта жас тартылды.
Алаш зиялыларының қайғылы тағдыры артындағы еліне мәңгілік үлгі боп қалды. Олар азаматтық, адамгершілік, моральдық ұстындары, зияткерлік көшбасшылығы айқын жігіттер болған.
Әлихан Бөкейханов өз елінің қамын ойлайтын «Алаш» партиясының негізін қалау арқылы мыңдаған азаматты жұмылдыра білді.
Осы аз ғана шоғыр елдегі білім, денсаулық сақтау, сот, денсаулық сақтау, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын ғылымдарының негізін қалап кетті.
Осыдан 100 жыл бұрын алаштықтар демократиялық қоғамның қандай болатындығын өз іс-әрекеттерімен көрсетіп кетті. Салық, әділ сот, өзге елдерден тәуелсіз өнеркәсіп жолдарын салу, асыл тұқымды мал өсіру сияқты мәселелерді олар 100 жыл бұрын көтерген.
Профессор Дина Мұхамедхан, 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай алаштықтардың құйрықты жұлдыздай қысқа өмірі туралы танымдық шараларды өткізу аса маңызды екендігін атап өтті.