Алматы оқушылары «Денсаулық сабағы» курсынан өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы оқушылары «Денсаулық сабағы» курсынан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жаңа бастаманы Алматы қалалық №11 емхана ұжымы ұйымдастырып отыр. 

Алматы оқушылары «Денсаулық сабағы» курсынан өтеді

Бүгін №87 мектептің 1-сынып оқушылары мектеп алдында жол ережелерімен танысты.

null null null null null null null null null 

Жоғарғы сынып оқушылары Салауатты өмір салтына бағытталған флеш-моб өткізді.
Айта кету керек, мектеп медицинасы өткен жылдан бастап ҚР Білім және Ғылым министрлігінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ауысқан болатын. Аталған реформадан соң мектеп жанындағы медициналық пункттердің жұмысына біраз өзгеріс енгізілді.
Былтырдан бастап Жетісу ауданындағы № 11 емхананың 6 медбикесі мектептерде жұмыс жасап жатыр.
«2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектептегі медициналық қызмет көрсету сапасы жақсара бастады. Себебі, жыл басынан бері тереңдетілген скринингтер, сапалы диагностикалық тексерулер жүргізіліп жатыр. Медициналық қызмет бұрынғыдан да жақсара бастады. Біздің емханаға 6 мектеп тіркелген. Барлығында медбикелер жұмыс жасайды. Барлық медпункттер қажетті құралдармен жабдықталған», - деді №11 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Алмаш Ардабаева.
Ал мектеп ішіндегі медициналық кабинеттер санитарлық талаптарға сай құрал-жабдықтармен, бой өлшегіш, таразы, стерильді шкаф, алғашқы медициналық көмек көрсететін құралдармен толықтай жабдықталды.

null null null null null null null

Осындай денсаулық сабақтарын дәрігерлер бір ай бойы өткізуге ынталы.
«Мектеп оқушыларына сапалы медициналық қызмет көрсету» айлығы барысында мамандар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, иммунопрофилактика тақырыптарында кездесу өткізеді.

null null null null null null null null null null 

Жетісу аудандық медициналық бөлім өкілдері ата-аналармен әңгіме жүргізбек.
Оқушылардың өздері «Мектепке қауіпсіз жол» семинарларына қатысып, жарақат алмаудың жолдарымен танысады.
Қыркүйек айында «Салауатты өмір салтына қолда!» спорттық эстафетасы жалғасады.
Сонымен қатар, мектеп психологтарының жауапкершілігі арта түсті.
«Қоғамға физикалық қабілеті мен психологиялық денсаулығы үйлескен адам керек. Ол үшін жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын түзеу маңызды. Біз дисциплинарлық командаға балаларды қабылдап, нұсқау береміз. Дөңгелек үстелдер өткіземіз. Мектеп психологтарымен тығыз байланыстамыз», - деді №11 емхананың психологы Айгүл Чурбанова.