Алматы оқушыларының қысқы демалысы қызықты өтуде

АЛМАТЫ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазір қысқы мектеп демалыс күндерінің қайнап тұрған кезі. Алматылықтар бұл жайтты назардан тыс қалдырмауда.
None
None

Жаңа жылдық шыршалардан басқа да көптеген спорттық ойындар мен мәдениетті жаңғыртуға арналған шаралар ұйымдастырылуда. Қаңтардың 2-сі мен 9-ы аралығында шахматтан турнир өтуде, ал 5-і мен 8-і күндері жоғары сынып оқушылары арасында «Идеялардың форумы» дәстүрлі жиыны өтуде. Ертең қолөнер бойынша «Әдемiлiктi жасап шығарамыз» атты фестиваль басталады. Ал қаңтардың 8-і мен 9-ы аралығында 16 жалпы білім беру пәні бойынша ғылыми жарыстар өтсе, 11 күні ең үздік компьютерлік сурет бойынша конкурс ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ «Қысқы старт» басталып, волейболдан спартакиада, «Қысқы ойындардан эстафета», «Фитнес еліне саяхат» жарыстары ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар